Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КОНОР МАКГРЕГОРДЫҢ ӘПКЕСІ КОРОНАВИРУСТАН КӨЗ ЖҰМДЫ

КОНОР МАКГРЕГОРДЫҢ ӘПКЕСІ КОРОНАВИРУСТАН КӨЗ ЖҰМДЫ

Turkystan.kz Аралас жекпе-жек жұлдызы Конор Макгрегор сүйікті әпкесінің коронавирустан көз жұмғанын мәлімдеді.  
Спортшы  Instagram әлеуметтік желісіндегі жазбасында әпкесінің өлімі жайлы телефон арқылы естігенін айтқан. Конор Макгрегор аурудан сақтанау үшін оқырмандарын жеке бас гигиенасын сақтауға шақырды. Айта кетейік, коронавирустың таралуын шектеу үшін елімізде бұқаралық шараларды өткізу тоқтатылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесі мен Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадты өтпейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ, қазақстандық оқушылары 16 наурыздан 5 сәуірге дейін демалысқа жіберілді. Ал студенттер қашықтықтан оқытылмақ. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларының уақытынан бұрын каникулға шығуына байланысты мұғалімдер үйден жұмыс істеуге рұқсат етілетінін айтты.
18 наурыз 2020 ж. 599 0