Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты

Ғалымдар коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты

Зерттеу жедел респираторлы синдроммен ауырған адамдар коронавирустың жаңа типін жұқтырмауы мүмкін екенін көрсетті.
 Америкалық және швейцариялық ғалымдар 2003 жылы атипиялық пневмония (SARS-CoV вирусынан) өршіген кезде ауырған адамдарды зерттеді. Олардың ағзасы COVID-19-ды жұқтырмайтыны белгілі болды.
Бұған дейін SARS-CoV вирусын жұқтырғандардың ағзасында антиденелер бөлінген. Олар S-ақуызға негізделген. Ал бұл ақуыз жасуша бетіндегі рецепторлар мен коронавирустың түйісуіне жауап береді, деп хабарлайды РИА Новости.
Ғалымдардың айтуынша, мұндай антидене түрлерінің бірі — S309 — SARS-CoV-2 S-ақуызын бейтараптандыра алады. Осылайша, жедел респираторлы синдроммен ауырғандар COVID-19-дың жаңа типін жұқтырмауы мүмкін.
Мұндай антиденелерді COVID-19-дың асқынған түрін емдеуге және алдын алуға қолдануға болатыны айтылды.
Соңғы мәліметке сәйкес, әлемде 4,8 миллион адам коронавирус жұқтырған, 1,7 миллион адам жазылып шықты. 318 мыңнан астам адам көз жұмды.
sputniknews.kz


20 мамыр 2020 ж. 659 0