Ғалымдар коронавирус пандемиясының өршуі мүмкін кезеңді атады

2010 жылы ғалымдар жұқтырған кезде жеңіл белгілерді тудыратын төрт коронавирустың (OC43, 229E, HKU1 және NL63) таралуын бақылай бастаған. Қазіргі уақытта ғалымдар SARS-CoV-2 таралуын бақылап отыр.
Коронавирустың көп дерегі желтоқсан мен сәуір-мамыр айларының аралығында тіркеледі деп күтілген. Дегенмен вирустың өршуі қаңтар-ақпан айында байқалған. Тек 2,5%-ы ғана маусым мен қыркүйек айларында болуы ықтимал.
Маусымдық коронавирустар COVID-19 инфекциясын тудыратын SARS-CoV-2-мен байланысты. Алайда жаңа коронавирустың дәл осылай әрекет ететін не әрекет етпейтіні әлі белгісіз делінген баспасөз хабарламасында.
Жапондық ғалымдардың COVID-19 инфекциясының белгілерінсіз ауырғандардан өкпенің зақымдалуы анықталғанын мәлімдегені туралы жазған едік.
Олар Diamond Princess круиздік лайнерінің 76 жолушысында ауру белгілері болмағанын, алайда арасындағы 41 адамның өкпесі зақымдалғаны анықталған.
Ол зақымдалу «күңгірт шыны эффектісі» деп аталады.