Қытай мұхиттарды бақылау үшін жерсерік ұшырды
Қытай Haiyang-1 жер серігін сәтті ұшырып, мұхиттарды бақылау үшін орбитаға шығарды.
Қытайлық ғарыштық ғылым және технология корпорациясының хабарламасына сәйкес, ұшырылым бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 2:31-де Чанчжен-2В ұшыру аппаратын қолдана отырып жүзеге асырылды. Іске қосу орны Тайюань ғарыш айлағы болды.
Haiyang-D спутнигі негізінен мұхиттардың түсі мен температурасын, жағалаудағы аймақ пен теңіз аудандарындағы экологиялық өзгерістерді, сондай-ақ табиғи апаттарды болжау және ескерту үшін пайдаланылатындығы атап өтілді.
stan.kz