Әлемдегі ең кәрі миллиардерлердің бірі қайтыс болды

ViacomCBS компаниясының басшысы Боб Бекиштің айтуынша, Редстоун жалғыз өзі отбасылық автокинотеатр бизнесін жоғары деңгейге көтеріп, медиакорпорацияға айналдырған.
1936 жылы Самнер Редстоунның әкесі, миллиардер Майкл Редстоун National Amusements компаниясының негізін қалаған. Кейін компанияны кіші Редстоун басқарды. 2012 жылы ол Viacom компаниясын сатып алу бизнестегі ең жоғары жетістігі деп санады.
Сондай-ақ, ол Самнер Редстоунның басшылығымен Viacom MTV медиакомпаниясына, Paramount Pictures киностудиясына иелік етті. ViacomCBS компаниясының құрамына MTV, Nickelodeon, Comedy Central, Showtime және тағы басқа телеарналар кіреді. ViacomCBS АҚШ-тағы аудиториясы ең көп компания болып саналады.
Айта кетейік, Самнер Редстоунның байлығы 3,9 миллиард долларға бағаланып отыр.