Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапондық азамат әлемдегі ең кәрі адам деп танылды

Жапондық азамат әлемдегі ең кәрі адам деп танылды

Жапондық Масадзо Нонака әлемдегі ең кәрі адам деп танылды. Гиннестің рекордтар кітабының ресми сайтында хабарланғандай, ол 1905 жылы 25 шілдеде дүниеге келген. Сондай-ақ, 112 жастағы зейнеткер, 106 күннен кейін 113 жасқа келеді екен.

Әлемдегі ең кәрі адам аталған жапондық зейнеткердің жеті бауыры, бір қарындасы және бес баласы бар. Бос уақытымда ол теледидар көріп, газет оқып, кәмпит пен торт жегенді ұнатады. Бұл туралы life.ru хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Дүние жүзінде ең ұзақ өмір сүрген Масадзо Нонакаға сертификат беру үшін оның Хоккайдо аралындағы туған қаласына жапон филиалының вице-президенті Эрика Огаува келген.
Гиннестің рекордтар кітабының бас редакторы Крэг Глендэй 112 жас, сондай-ақ 259 күн толған Нонакидің жетістігін үздік деп сипаттады.
«Ол бізге өмірдің барлық құндылықтарын және адам өмірін қалай ұзартуға болатыны туралы үйрете алады», – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 122 жастағы және 164 күн өмір сүрген Жан Луиз Кальман әлемдегі ең кәрі адам деп танылған еді.
Stan.kz
10 сәуір 2018 ж. 2 612 0