Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Женевада бірегей гауһар тас аукционға шығарылды

Женевада бірегей гауһар тас аукционға шығарылды

Швейцариядағы Sotheby's аукционына қызғылт түсті гауһар тас қойылды. Гауһар тас үш жыл бұрын Ресейде өндірілген. Ол Михаил Фокиннің «Раушан көрінісі» балетінің атымен аталды. Оның салмағы шамамен 27 карат болды. «Тастың бағасы 23 пен 38 млн АҚШ доллары аралығында болады. Шамамен бір карат үшін бір жарым миллионды құрайды», - деді Sotheby's зергерлік үйі департаменті директоры Бенуа Репеллен. Гауһартас 11 қарашада сатылады. Аукцион Женевада өтеді.
24.kz
11 қараша 2020 ж. 626 0