Италияда дәрігерлер он жастағы балаға операцияны музыкамен жасады

Емдік музыка баланың отаны жеңіл өткізуіне көмектесті. Күрделі операция 4 сағатқа созылды. Оны нейрохирург Роберто Триньяни жүргізді. Қалған дәрігерлер баланың миын монитор арқылы бақылап, музыка тоқтаған сәтте оның әуенді тыңдап жатқанын байқады. Мамандардың айтуынша, қазір баланың халі жақсы. Бірақ алда тағы бір операция жасалуы мүмкін деп отыр.