Полиция 11 айлық сәбидің денесіне кімнің ине тыққанын анықтады

Душанбедегі медициналық орталыққа түскен сәбиді қараған дәрігерлер оның бас сүйегіне, мұрнына, аяғына, мойнына, кеудесіне инелер тығылғанын анықтайды.
"Душанбеден 15 шақырым жердегі ауылдың 26 жастағы тұрғыны ұлының денесіне 10 металл инені әдейі тыққан. Ол мұны Ресейде жұмыс істеп жүрген 30 жастағы күйеуін үйге қайтару үшін жасаған. Әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды", — деп хабарлады Тәжікстанның ішкі істер министрлігі.
Ұлттық медициналық орталықтың дәрігерлері бірінші операция кезінде тек алты инені ғана алып шыға алды. Қалған төрт ине баланың денесіне терең еніп кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің денесіне ине үш ай бұрын кірген.
Бұған дейін мұндай оқиға Өзбекстанда болған еді. Он бір айлық бала ауруханаға өте ауыр хәлде жеткізілді. Дәрігерлер оның денесінен 16 ине тапты, оның тек 13-ін алып шыға алған.
sputniknews.kz