Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны

Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны

Дублин қаласының Тринити колледжінің мамандары қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зиянын анықтады. Мұны The Daily Mail басылымы жазды.
Зерттеушілер пандемия уақытында үй-жайда жұмыс істегендердің денсаулығы нашарлағанын, атап айтқанда, тамақ ауруы жиілегенін байқаған. Өйткені қызметкерлер дауысы естілу үшін онлайн-конференцияда барынша қаттырақ сөйлеуге тырысады. Бақылауға алынған 1575 адамның 571-і тамағы ауырғанын айтқан. Кейбірі пандемия кезінде басталса, енді бірі оған дейін басталған.

Калифорниядағы Кремний аңғарының қызметкерлері де үйде жұмыс істегенге шағымданып, денсаулығының нашарлап кеткенін тілге тиек еткен еді. Олардың айтуынша, үйде жатып жұмыс істеу адамды шаршатады, көңіл-күйін пәс етеді.

Facebook қызметкерлерінің 81 пайызы, Google қызметкерлерінің 79 пайызы үйде жұмыс істеуге қарсы болған екен.
massaget.kz

27 қараша 2020 ж. 526 0