Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар көп жұмыс істеудің өлімге әкелетінін айтты

Ғалымдар көп жұмыс істеудің өлімге әкелетінін айтты

Францияда орналасқан Анже университетінің ғалымдары ұзақ жұмыс істеудің қаупін атады. Күніне он сағаттан көп жұмыс істейтін адамдарда инсультке шалдығу мүмкіндігі жоғары.

Мамандар ірі масштабты зерттеуді сараптамадан өткізді. Оған 18-69 аралығындағы 143 592 адам қатысты. Зерттеу кезінде еріктілердің жасы, жынысы, темекі шегетіні және жұмыс күнінің ұзақтығы есепке алынды. Шамамен елу жыл көлемінде он сағаттан асатын жұмыс істегенде жұмыс күнінің денсаулыққа қалай әсер ететіні қарастырылды. Жарты күн еңбектенгендер немесе зерттеуге дейін инсультке шалдыққандар, оған қатыстырылмады. 
Мидағы қан айналымының бұзылуынан 1224 адам зардап шеккен. 42 542 адам он сағаттан аса жұмыс істеген. Олардың ішінде 14 481 адам он жыл бойы бір күннің ішінде қалыпты уақыттан көбірек еңбектенген. Зерттеу қорытындысы бойынша, көп сағатын қызметке арнаған адамдарда инсультке шалдығу қауіпі 29 пайыздан жоғар болған. Ал осылай он жыл бойы немесе одан да көп уақыт ішінде жұмыс істегендерде бұл қауіп 45 пайыздан жоғары екен.
https://stan.kz
22 маусым 2019 ж. 835 0