Бір орында тапжылмай жұмыс істеудің зияны

“Американың кардиологтары колледжі” журналында зерттеудің нәтижесі жарияланды. Ғалымдар ұзақ уақыт бір орыннан тапжылмай отырудың зияны мен дене белсенділігі, жүрек-қантамырлары ауруларының байланысын зерттеген. Оған қоса кеңсе қызметкерлеріне ауруға шалдықпас үшін дене жаттығуын қаншалықты жиі жасау қажеттігін анықтап көрді.
Аустралия, Норвегия және Британия ғалымдары 45-жастан асқан 150 000 адамды 9 жыл бойы үздіксіз қадағалаған. Нәтижесінде дене еңбегін қажет етпейтін жұмыста істейтін қызметкерлерге спортпен көп шұғылдану қажет. Әсіресе күніне 6 сағат отырып жұмыс істейтіндер үшін жаттығудың маңызы зор.
Зерттеушілер күніне 6 сағаттан артық отырып жұмыс істейтіндердің жүрек-қантамырлары ауруларына шалдығуы 107 пайызға көп екенін анықтаған. Дегенмен денсаулыққа зиян келтірмес үшін күніне 20-40 минут, ал аптасына 2,5-5 сағат дене жаттығуымен шұғылдану қажет.
Сондай-ақ 2,5 сағат жасаған тоқтаусыз жаттығу жүрек-қантамырлары ауруларынан қорғайтын болып шықты. Ғалымдар жылдам жүру, баспалдақпен көтерілу, таза ауамен демалу, серуендей, велосипедпен жүру секілді қарапайым жаттығулардың пайдасы көп екенін мәлімдеді.