Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күніне қанша шыны кофе ішуге болады?

Күніне қанша шыны кофе ішуге болады?

Кофе - әлемдегі ең танымал сергітетін сусындардың бірі. Ал оны шамадан көп ішу - денсаулыққа зиян. Мұны дәрігерлер мен диетолог мамандар ескертіп-ақ келеді. Кофені көп ішкеннен адамда қан қысымы жоғарылауы мүмкін. Сондай-ақ жүрек ауруларының өршуіне себепкер болады. Күніне қанша шыны кофе ішуге болады? Бұл көпті мазалайтын сұрақтың бірі де. Жуырда Оңтүстік Аустралия университетінің ғалымдары осыған қатысты арнайы зерттеу нәтижелерін жариялады. Олар күніне 6 шыныдан артық кофе ішпеу керек екенін ескертеді. Одан асқан жағдайда ағзаға күш түсіреді. Кофені күнде шамадан көп ішу - жүрек дертін 22 %-ға арттырады, - деп жазады Science News. Зерттеушілер 37 мен 73 жас аралығындағы 347 077 адамның денсаулығын бақылаған. Кофе құрамындағы кофеин денсаулыққа қалай әсер ететініне мән берген. CYP1A2 гені белсенді адамдар болады. Олар үшін кофені көп ішу қауіпті болмауы мүмкін. Бірақ жаңа зерттеу олар үшін де зиян екенін анықтап берген. - Алты шыныдан көп ішуге болмайды. Одан артығы артық. Себебі кофеин ағзаға кері әсер ете бастайды. Жүрек-қантамырлары ауруларының өршуін жоғарылатады, - дейді профессор Элина Гиппонен. Зерттеушілер күніне алты шыныдан да аз кофе ішуге кеңес береді. Себебі әр адамның гені мен ағзасы әрқилы болады. Қызықты дерек ретінде айта кететін болсақ, күніне әлемде 3 миллиард  шыны кофе ішіледі екен. Ал кофе пайдасы мен зияны жайлы зерттеулер шаш-етектен. Біздің жазғанымыз соның бір парасы ғана.
https://massaget.kz
14 мамыр 2019 ж. 1 243 0