Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады

Бүгін Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15-00-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев видео конференция режимінде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады. Кеңеске Беларусь Республикасы төрағалық етеді. Саммитке Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларынан бөлек, бақылаушы ел есебінде Молдова Президенті, шақырылған мемлекеттер ретінде Өзбекстан мен Кубаның басшылары қатысады, - деп жазды ол.
Жиында Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде, Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму бағыттарының пысықталған жобасы, Одақтың халықаралық қызметінің кейбір аспектісі талқыланбақ. 
Іс-шара қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігін одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылмақ.
baq.kz
11 желтоқсан 2020 ж. 562 0