Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Отырысқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының басшысы Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысты. 
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл саммиттің Елбасы Н.Назарбаевтың еуразиялық интеграция туралы идеясының 25 жылдығы мен Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы Келісімнің 5 жылдық мерейтойларына орай өткізіліп отырғанын атап өтті.
– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының саяси және стратегиялық көрегендігінің арқасында еуразиялық интеграция идеясы іске асты, – деді Қазақстан Президенті. 
Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Н.Назарбаевқа «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің Құрметті Төрағасы» атағын беру туралы ұсынысы үшін Қазақстан Республикасының атынан Ресей Федерациясының Президенті В.Путинге және осы бастамаға қолдау білдірген Кеңеске мүше-мемлекет басшыларына алғысын білдірді.
 Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының 2018 жылғы Еуразиялық экономикалық одаққа жасаған төрағалығына жоғары баға беріп, Армения Республикасының төрағалығы да халықаралық ұйымның нығая түсуіне  ықпал ететініне сенім білдірді. 
Сонымен қатар, мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың өзекті мәселелері мен алдағы даму перспективаларына қатысты және 2019-2020 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық саясаты туралы пікір алмасты.  
http://www.akorda.kz
29 мамыр 2019 ж. 1 063 0