Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрсұлтан Назарбаев «Құрметті төраға» атанды

Нұрсұлтан Назарбаев «Құрметті төраға» атанды

Бүгін елордада өтіп жатқан Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы ұйымның құрметті төрағасы атанды.

Бұл туралы Кеңесті ашқан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Еуразиялық экономикалық кеңесті құру идеясының авторы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы ұйымның құрметті төрағасы болды. Бұл ұсынысты Ресей президенті Владимир Путин жасады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 
Ең алғаш болып, Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылы бұрынғы Кеңестер одағы аумағында экономикалық ұйым құру керектігін айтқан болатын. Арада 20 жыл өткенде 2014 жылдың 29 мамырында Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) Жоғары Еуразия экономикалық кеңесіне қол қойылған еді. 
Айта кетейік, бүгін бес жыл толған аталған ұйымның мерейтойлық отырысына Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян қатысып жатыр.
Бұған дейін бүгін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы өтетінін хабарлаған болатынбыз. ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысынан хабар таратуға шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 115 өкілі мен қазақстандық 160-тан астам журналист тіркелген.
https://baq.kz
29 мамыр 2019 ж. 910 0