Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Индонезия вакциналауды бастады

Индонезия вакциналауды бастады

Кеше Индонезия үкіметі халықты жаппай вакциналау басталғанын мәлімдеді. Үкімет шешімі бойынша, вирустан қорғануға алдымен жастар шақырылмақ.Индонезия Оңтүстік Азияда коронавирус жұқтырған науқастар саны бойынша көш басында. Онда 836 мыңнан астам адам тіркелген. Өлім саны 25 мыңға жуықтайды.
Үкімет хабарламасында «Индонезия вакцина егуде жастарға басымдық береді. Ең алдыңғы кезекте 18 бен 59 жас аралығындағы азаматтарға екпе жасалады. Азаматтарымызға қытайлық Sinovac вакцинасы егіледі» деп жазылған. Индонезия Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі доктор Надиа Уикеко аталған вакцинаны тексеру әлі жалғасып жатқанын ескертті. «Біз 60-тан асқан азаматтарға әсерін тексеріп жатырмыз», деді ол.
Халық үкімет қаулысымен келісіп отыр. Олардың айтуынша, егде жастағы азаматтар сыртқа сирек шығады. Сондықтан олардың вирус жұқтыру қаупі төмен.
Бұған дейін хабарланғандай, әлем елдерінде вакциналау басталып кетті. Егде жастағы азаматтарға да вакцина сыналды. Канадада 89 жастағы қарияға егілсе, Германияда 101 жастағы ақсақалға вакцина салынды.

egemen.kz


14 қаңтар 2021 ж. 631 0