Коронавирусты кімдер көп тарататыны белгілі болды
Сонымен ғалымдар кәрі және салмағы көп адам коронавирусқа шалдықса, ол ортасына вирусты көбірек жұқтырады деген қорытындыға келді.
Тулейн университетінің қызметкерлері Гарвардтағы әріптестерімен және басқа ғылыми орталықтармен бірлесіп, коронавирусты басты таратушылар кімдер және қай уақытта коронавирус аса жұқпалы болуы мүмкін екенін анықтады,– деп жазады nkj.ru.
Коронавирус ауа тамшысы арқылы жұғады. Осыған байланысты ғалымдар осы ауа тамшысын кімдер көп шығаратынын анықтады. Зерттеуге қатысқан 200 сау адамның ішінде салмағы артық кәрі адамдар ауа тамшысын ортаға үш есе көп шығаратыны белгілі болды.
Сонымен ғалымдар кәрі және салмағы көп адам коронавирусқа шалдықса, ол ортасына вирусты көбірек жұқтырады деген қорытындыға келді.
aikyn.kz