Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: Франция вакцинацияны жылдамдатуда, ал британдық оқушылар мектепке оралды

Коронавирус: Франция вакцинацияны жылдамдатуда, ал британдық оқушылар мектепке оралды

Германияда спорт залдары қайта ашылды, Франция вакцинаның қарқынын күрт арттырды, ал британдық мектеп оқушылары парталарына қайта оралып жатыр. Бірқатар Еуропа елдері пандемияға байланысты жағдайдың біртіндеп тұрақталатынын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews.com сайтына сілтеме жасап.
Германиядағы кейбір федералды жерлерде спорт залдары қайта жұмыс жасай бастады. Биліктің айтуынша, елдегі Covid-19 жағдайы «тұрақтанды» – 100 мың тұрғынға шаққанда инфекцияның шамамен 50 жағдайы келеді. Коронавирустың өлім деңгейі төмендеді. Реанимациядағы пациенттердің саны да азайып келеді. «Әрине, бұл жаңалық қатты қуантты. Өйткені үш ай бойы үйде жаттығып, жүгіргеннен кейін спорт залдардың ашылуы кәдімгідей жақсы болды. Әлі де маска тағу сияқты шектеулердің болғанына қарамастан, еркін тыныстайтын болдық», – дейді еуропалықтар. Вакциналаудың баяу басталғаны үшін сынға ұшыраған Франция билігі оның қарқынын күрт жеделдетті.

Елде тіпті сенбі күндері жұмыс істейтін жүздеген вакциналау орталықтары ашылды. Онда төрт ірі әскери аурухана қайта жабдықталды.

«Маскалар шешілсін!» «Жасасын бостандық!» деген ұран жазып алған 3000-ға жуық демонстрант Румыния астанасындағы үкімет үйінің алдына жиналды. Олар вакциналауға және «вакцина төлқұжаттарын» енгізуге наразылық білдірді. Бухарест билігінің шешімі қарсаңында барлар мен мейрамханалардың жабылуы бірінші рет емес. Олар кем дегенде екі аптаға жабылады.

Италия коронавирустың 100 000-нан астам өлімімен Еуропадағы алғашқы мемлекет болды.

Мұндай деректерді республиканың денсаулық сақтау министрлігі ұсынды. Бұл есеп бойынша коронавирусты жұқтырған 100 100-ден астам адам қайтыс болды, өткен тәулікте бұл көрсеткіш 318 адамға артты.

Пандемиядан зардап шеккен аймақтар Ломбардия (30 мыңға жуық өлім), Эмилия-Романья (11 мыңға жуық), Пьемонт және Венето (10 мың өлім) болды.

Римнің Термини теміржол вокзалынан вакциналауға қажетті медициналық жабдықтар артылған пойыз жөнелтілді.

Жоспар бойынша, онда күніне бір жарым мың италиялық вакцина алады. Сонымен қатар вакцина пунктілері елдің оншақты теміржол стансасына орналастырылды.

Инфекция санының көбеюіне байланысты екі өңір «қызғылт сары» аймаққа, біреуі – Кампания қаласы «қызыл» аймаққа жатқызылды.

syrboyi.kz
09 наурыз 2021 ж. 356 0