Пандемиямен ауырмаған халық



Әлем елдері олар туралы мәліметтерді осы өлкеде 14 жыл еңбек еткен шотландық әскери дәрігер Мак-Каррисонның баяндамалары арқылы білген.
Олардың 40 жастағы әйелдері сырт көзге біздің 18-20 жастағы бойжеткен секілді көрінсе, ал 60-65 жастағылары өмірге сәби әкеліп жатады. Олар – қатерлі сырқатқа шалдықпаған әлемдегі жалғыз халық, тіпті олардың қарттары кәрілікке тән әлсіздік, қуат кему, шөгу дегенді білмейді. Бізге дейінгі жазбаларда бір кездері күллі әлемді жайпаған аса қорқынышты індеттің өзі хунзалықтарға соқпай өтіп кеткен екен деген дерек бар. Сонда хунзалықтар бұған дейін пандемия атаулын жұқтырмаған болып тұр ғой. Қызық, бұл халық коронавирус жұқпаған жалғыз халық болуы да ықтимал.
А.Бек
aqmeshit-aptalygy.kz