Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпиадаға дайындалып жатқан спортшыға найзағай тиіп қаза болды

Олимпиадаға дайындалып жатқан спортшыға найзағай тиіп қаза болды

Сальвадорда 22 жастағы серфингші Кэтрин Диас Эрнандеске жаттығу кезінде найзағай тиіп қаза болды, – деп хабарлайды Sport24.
Қайғылы оқиға жұмада жергілікті Эль-Тунко жағажайында болған. AS газетінің мәліметінше, спортшы сол кезде суда болған. Жедел жәрдем жеткенімен, серфингші ол кезде қайтыс болған.
Испаниялық басылым ол кезде күн ашық болғанын, бірақ күтпеген жерден ауа райы бұзылғанын хабарлады.
Кэтрин Диас Сальвадордағы үздік серфингші саналған. Ол Сальвадор серфинг федерациясының президенті Хосе Диастың қарындасы.
Спортшы серфингтен Бүкіләлемдік ойындарға дайындалып жатқан, сондай-ақ, Токио Олимпиадасына қатысуды жоспарлаған. Серфинг Олимпиада бағдарламасына алғаш рет енген еді.

syrboyi.kz
22 наурыз 2021 ж. 390 0