Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Илья Ильин: Мені лақтырып тастады (ВИДЕО)

Илья Ильин: Мені лақтырып тастады (ВИДЕО)

    kyzylorda-news.kz  Ауыр атлетші Илья Ильин алғаш рет олимпиадаға жіберілмейтінін білген кезде қандай күйде болды? Бастан өткерген қиындықтары туралы спортшы «Gakku» арнасындағы «Если честно» бағдарламасында айтып берді.

Қызылордалық зілтемірші сұхбат барысында көзіне жас алды.
«Мұны қалай өткере алдым дейсіздер ме? Бұл олимпиадаға үш ай қалған кезде болды. Мен тамаша формада жүрдім, олимпиадада жеңіске жетуге дайын едім. Олар маған келіп осы туралы айтты. Астанаға шақырып алды ғой деймін. Бірнәрсе жасап, заңгерлер тағайындау қажет дегендей. Процесс кетті. Бір аптадан кейін жаттығу залына келуді қойдым. Атлетикаға, штангіге қарай алмадым. Ал жігіттер олимпиадаға дайындалып жатты. Ал мені лақтырып тастады. Көптеген жағымсыз эмоция болды», - дейді спортшы.
Илья Ильин өзінің көңілшек адам екенін жасырмады. Сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы естеліктермен өмір сүруге мәжбүр болғанын айтты.
«Мен эмоционалды адаммын. Әрине, жыладым. Instagram желісінде лентама кіріп отырғаным есімде. Көп көз жас төгілді. Көп жылымды бердім, көп жұмыс істедім деп ойладым. Күтпеген жерден осылай болды. Әділетсіз, дұрыс емес жасады. Бірақ, неге әділетсіз екенін айтпай-ақ қояйын. Бәлкім кейін уақыты келгенде айтармын», - деді Илья Ильин.  

20 қараша 2019 ж. 788 0