Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Илья Ильин Токиода 8-орынға тұрақтады

Илья Ильин Токиода 8-орынға тұрақтады

Жапония астанасы Токиода ауыр атлетикадан Олимпиада қарсаңындағы тестілік турнир өтуде. Аталған сынға Ибрагим Берсанов пен Илья Ильин қатысты

109 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қос спортшы да жүлдегерлер қатарында жоқ.  Берсанов қоссайыс қорытындысы бойынша 376 келіні бағындырып, алтыншы орын иеленді. Илья Ильин 365 келімен 8-орынға тұрақтады.
Ерлер арасындағы сынға барлығы 9 атлет қатысқан. Ауыратлеттер додасында 406 келіні еңсерген қытайлық Янг Же топ жарса, екінші және үшінші орынды Ресей мен Корея спортшылары иеленді.
https://baq.kz

08 шілде 2019 ж. 772 0