Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Токио марафонына тіркелу ашылды

Токио марафонына тіркелу ашылды

Әлемнің ең негізгі алты марафонының бірі Токио марафонына тіркелу  ашылды. Жарысқа қатысу слотын алу - жылдағыдай лотерея арқылы ойнатылады. 

Токиодағы 15-ші марафон 2021 жылдың 17 қарашасына жоспарланды. Әдетте ақпанның соңында не наурыз айының басында өтетін еді. 

Бұл жылы қатысатын адам санына да өзгерістер енді. Осыған дейін жарыс жолына 38 000 марафоншы шығатын болса, енді тек 25 000 желаяққа рұқсат бар. Ұйымдастырушылардың өткен жылдан ауысқан 7000 қатысушының слоты барын ескерсек, онда лотереяда 18 000 орын ғана ойнатылады.
Ең қызығы, Токиодағы марафон нақты өтетіне ешқандай кепілдік жоқ. Ұйымдастырушылар күзде пандемияның өршуі басылады деп үміттеніп отыр. “Біздің басты мақсатымыз – бұл шараны қауіпсіз һәм сенімді өткізу”, дейді олар.

Токио марафонының лотереясына қатысуға өтініш беру уақыты 31 наурызға дейін созылды. Осы күні Токио уақытымен 17:00-ге дейін жіберілген өтініштер қарастыралады. Ал лотерея нәтижесі сәуір айының ортасында жарияланады. 

massaget.kz

25 наурыз 2021 ж. 467 0