Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Токио олимпиадасы 2021 жылдың жазында өтеді

Токио олимпиадасы 2021 жылдың жазында өтеді

Токио олимпиадасы көрермендердің қатысуымен өтеді.
Бұл жөнінде халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах мәлімдеді. Беделді ұйым басшысы мен Жапония премьер-министрі жазғы ойындарға қатысты мәселелерді талқылап, ортақ келісімге келді. Оның нәтижесінде жанкүйерлер жарыс алаңына жіберілетін болды. Бұған қоса байрақты бәсекенің уақыты өзгермейді. Бұған дейін қалыптасқан жағдайға байланысты шегеріліп, соңғы уақытта тағы да кейінге қалдырылуы мүмкін деген пікірлер шыға бастаған. Жауапты мамандар мерзімі өзгермейтінін қадап айтты. Яғни Токио олимпиадасы 2021 жылы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында ұйымдастырылады. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл жарысқа 100-ден аса лицензия алуды жоспарлап отыр. Қазір жерлестеріміз еншісінде 42 жолдама бар.  
17 қараша 2020 ж. 608 0