Вьетнамда жаңа президент сайланды

Бұған дейін 67 жастағы Нгуен Суан Фук ВСР премьер-министрі қызметін атқарған. Ал жаңа президенттің алдында Вьетнамда Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы Нгуен Фу Чонг ел президенті болған.
Ол коммунистік партияның бас хатшысы болып қайта сайланды және жаңа президенттік мерзімге өз кандидатурасын ұсынбады. 2021-2026 жылдар кезеңіне Мемлекет басшысы лауазымына кандидат болып Нгуен Суан Фук тағайындалды.
Жаңадан тағайындалған мемлекет басшысы дауыс беру нәтижелері жарияланғаннан кейін бірден ант берді.
baq.kz