АРАЛ АУДАНЫНДА ЖАҢА СОТ ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Тиісінше аудан басшысы М.Оразбаев осы уақытқа дейін аудандық сотының төрағасы қызметін атқарып келген азаматтардың ел игілігі жолындағы еселі еңбегіне алғысын жеткізе келе, жаңа тағайындалған сот төрағасын лауазымымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.
Сонымен қатар, аудан ативі атынан сөз алған мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысы мен Арал ауданының құрметті азаматы Құдайберген Саржанов та бұған дейін аудандық соттың төрағасы қызметін атқарып келген төрағаларға ризашылық білдіріп, қызметіне кіріскен жаңа сот төрағасы К.Садуақасованы аудан жұртшылығы атынан құттықтап, өз ұсынысын жеткізді.