Арал ауданында медиаторларды оқыту семинары өтті.
12 маусым 2018 жылы Арал мәдениет үйінде «Бітім» медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен медиаторларды оқыту оқу-семинары өтті.Семинарға Арал аудандық сотының төрағасы Е.Тұрбаев, соттың қызметкерлері, кәсіпқой медиатор Б.Бердалиев және кәсіпқой емес медиаторлар қатысты.
Арал аудандық сотының төрағасы Е.Тұрбаев оқу-семинарды ашып, сөзді Қызылорда облысының медиация орталығының басшысы, жаттықтырушы медиатор Бақтыбаева Ляззат Шайзадақызына берді. Жаттықтырушы медиатор Л.Бақтыбаева медиациямен татуластыру орталығы Қазақстан Республикасы бойынша Қызылорда облысында ғана екендігін және осы оқу-семинардың мақсаты – қатысушылардың медиация саласында қызмет көрсету білімін, дағдыларды игеру, іс-шараларды жүргізу үшін қажетті дағдыларды меңгеру екендігін айтты.
Арал аудандық сотының төрағасы Е.Тұрбаев «Медиация туралы» Заңы қабылданғаннан бері, ауданында кәсіпқой медиатор Б.Бердалиевтың және кәсіпқой емес медиаторлардың қызмет атқаратындарын, сонымен қатар медиаторлардың қатарлары көбейіп келе жатқандығын айтты.
Қазіргі таңда, Арал аудандық соты медиация көмегімен татуластыру рәсімдерін қолдануда алдыңғы қатарда екендігін, осыған сәйкес Жоғарғы Соттың Төрағасының грамотасын иеленгенін тілге тиек етті. Сотта «Медиация туралы» Заңын қолдануға қатысты түрлі іс-шаралар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, жиналыстар болып тұратындығын атап көрсетіп, осы бағытта татуластыру рәсімдерінің тиімділігі мен азаматтардың дау-жанжалдарды соттан тыс реттеулерінің пайдалы тұстары жайлы ұдайы түсіндіру шараларын жүргізудің маңызды екендігін айтты.
Семинар соңында, қатысушылар осы шараның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
Пікір 1