Жанжал медиация тәртібімен реттелді
Арал аудандық сотында азамат Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ж. 22 мамыр 2018 жылы сағат 04:00 шамасында, алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде өз үйінде жанжал шығарып, әйелі Ж-ға балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы кәсіпқой медиатор Б.Бердалиевтың араласуымен медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұраған.
Сот қаулысымен азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс, тараптардың медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты өндірістен тоқтатылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі








