Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация – тараптарды татуластырудағы тиімді тәсіл

Медиация – тараптарды татуластырудағы тиімді тәсіл

Медиацияның тараптарды татуластыруда тиімді тәсіл екендігіне жиі көз жеткізіліп келеді. Бұған, Арал аудандық сотында қаралып, тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылған әкімшілік іс дәлел бола алады.Айталық, құқық бұзушы Н., үйіне алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде келіп, келінімен жанжалдасып, оған балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.
Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы кәсіпқой медиатордың араласуымен медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұраған.
Сот қаулысымен азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс, тараптардың медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
05 сәуір 2018 ж. 1 091 0