Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Индонезия жоғалған сүңгуір қайықты іздестіруді жалғастырып жатыр

Индонезия жоғалған сүңгуір қайықты іздестіруді жалғастырып жатыр

Индонезияда жоғалған сүңгуір қайықты іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Көлікпен байланыс Бали аралының солтүстігінде үзілген болатын, деп жазды Хабар24.

Әскери теңіз күштерінің өкілі судың бетінде мұнай құйылған жер анықталғанын хабарлады. Мамандардың болжауынша, бұл жоғалған сүңгуірдің ізі болуы мүмкін. 
Естеріңізге салайық, тактикалық жаттығу барысында экипаж мүшелерімен байланыс жоғалып кеткен еді. Су көлігінің бортында 53  теңізші болған. Қазір құтқару жұмыстарына Малайзия мен Сингапурдың мамандары тартылған. Шараға тағы бірнеше мемлекет көмек беруге ниет білдіріп отыр. 
Мұнайдан пайда болған дақтан басқа ол жерде гидролокатор жылдамдығы бар белгісіз нысан анықталды. Зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деді Индонезия әскерінің ресми өкілі Ахмад Риад.

baq.kz​​​
22 сәуір 2021 ж. 368 0