Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарты миллион теңгемен жоғалып кетті: Таксист Алматы облысында жоғалған әйелді өлтіргенін мойындады

Жарты миллион теңгемен жоғалып кетті: Таксист Алматы облысында жоғалған әйелді өлтіргенін мойындады

Алматы облысының полицейлері іс-түзсіз жоғалған  Айнұр Қасымованың өліміне күдіктіні ұстады

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 1972 жылғы Алматы облысының тұрғыны бұған дейін де істі болған. 
"Ақсу аудандық полиция қызметкерлері әйелді іздестіруді бастады. Іздестіру жұмыстарына облыстық департамент қызметкерлері де қосылды. Ауданның Сағабуйен ауылынан Жансүгіровке дейін іздестіру жұмысы жүргізілді. Іздеудегі адамның мәліметі еліміздің барлық полиция бөлімшелеріне жіберілді. Нәтижесінде жоғалған әйелдің өліміне қатысты такси жүргізушісі ұсталды", - дейді полиция департаменті. 
Ұсталған күдікті Айнұр Қасымованы өлтіргенін мойындады. Оның денесін қайда көмгенін айтты.  
"Марқұмның денесі шығарылып, оны жақындары таныды. Мәйіт айдаладан табылды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Істі Ақсу аудандық полицейлері жүргізіп жатыр", - деді ведомство. 
15 маусымда аудандық полицияға ауыл тұрғыны хабарласып, әпкесінің жоғалып кеткенін айтады. Тексеру кезінде 43 жастағы әйелдің Алматыдан "Митсубиси Галант" көлігімен келгені анықталды. Жол бойында туыстарымен хат арқылы сөйлескен. 
Әйел көлік бұзылып қалғандықтан жол бойында басқа "Тойота" көлігіне мінгенін айтқан. Бұл ақпаратты такси жүргізушісі де растады.
18 маусым 2019 ж. 972 0