Түркияға Sputnik V вакцинасының 50 млн дозасы жеткізіледі

Ведомствоның хабарлауынша, вакцинаны алу шаралары мамыр айында басталмақ.
Екпе топтамасы Түркияға алдағы жарты жыл ішінде жеткізіліп жеткізіледі. Фахреттин Коджа қазіргі кезде Түркияда қолданыстағы BioNtech вакцинасының екі дозасын салу аралығы 6-7 аптаға дейін ұзартылғанын айтты.
Сонымен қатар министр ел аумағында тіркелген коронавирустың жаңа түрлерін жұқтыру оқиғалары туралы ақпарат берді.
«Үнділік нұсқа Ыстанбұлдағы 5 азаматымыздан табылды. Бұл нұсқа бірінші рет анықталып отыр, сол себепті жұқтыру оқиғасы жеке тексеріледі», - деді Түркия министрі.
Сонымен қатар ол жақын арада Түркияда «Фаза-3» сынағы аясында түркиялық белсендірілмеген вакцинаны тестілеу басталатынын атап өтті. Министрдің айтуынша, бұл – препаратты жалпы қолданысқа шығару алдындағы соңғы қадам.
inform.kz