Денсаулық сақтау вице-министрлері «Спутник V» вакцинасының 2-дозасын ектірді

Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов және аталмыш ведомствоның тағы бір вице-министрі Ажар Ғиният «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Екпе денсаулық сақтау саласының жауапты басшыларына №6 қалалық емханада жүргізілді. Пациенттер вакцинаның алғашқы дозасынан кейін еш шағымы жоқтығын айтты. Вакцинация процесі «24 kz» телеарнасынан тікелей эфирден көрсетілді.