Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Норвегия басылымы QazVac вакцинасының ерекшелігін түсіндірді

Норвегия басылымы QazVac вакцинасының ерекшелігін түсіндірді

Норвегия елінің Steigan.no ақпараттық-сараптамалық порталы Қазақстанда коронавирусқа қарсы шығарылған вакцина туралы мақала жариялады.
Онда QazVac вакцинасын әзірлеу және тестілеу кезеңдері туралы егжей-тегжейлі баяндап, сондай-ақ, аталған оқиғаның мәні туралы комментарий ұсынған.
«Бұл жаңалық кем дегенде бірнеше маңызды аспектіден тұрады. Қазақстанның өз вакцинасын шығаруы таңғалдырып жатқан жоқ. Өз вакцинасын шығару бағытында бірнеше ел жұмыс атқаруда. Қазақстанда осыны жүзеге асыратын зерттеушілік орта бар. Біздің ойымызша, бұл вакцинаның оқшауланып, секвенцияланған нақты Covid-19 вирусының негізінде шығарылғаны қызық болып отыр. Біздің түсінгеніміз, тіпті фармацевтикалық алыптардың ең танымал вакциналары да вирус бөлігінің өзінен емес, компьютерлік модель негізінде шығарылады», – деп атап өтті Steigan.no.
Басылым QazVac вакцинасын эксперименталдық элементтері жоқ дәстүрлі вакцина деп атаған. «Басқа маңызды ақпарат – бұл вакцинаны сақтау үшін ең төмен температура қажет емес, оған тоңазытқыштағы қалыпты температура да жеткілікті. Бұл оны көпшілікке, соның ішінде кедей елдер үшін қолжетімді етіп отыр», – деп түйіндеді.

inform.kz
29 сәуір 2021 ж. 341 0