Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда қыз ұрлау тыйылмай тұр

Қырғызстанда қыз ұрлау тыйылмай тұр

Қырғызстанда тағы бір қыз ұрланды. Жәбірленуші 26 жастағы Изат Курбанова. Оның туыстары полицияға арыз түсірген, деп хабарлайды,Egemen.kz Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.
Қызды Бішкек маңындағы Лебединовка ауылынан сағат шамамен 23:00-де белгісіз біреулер ұрлап әкеткен. Ұрлау сәті видеоға түсіп қалған. Изаттың әпкесі шамамен 02:00-де полицияға арыз түсірген. Ол белгісіз біреулер Toyota Estima маркалы автокөлігіне қызды мәжбүрлеп отырғызып, алып кеткенін айтқан.

ІІББ өкілдері сотқа дейінгі іс жүргізу басталғанын және күдіктінің жеке басы анықталғанын айтты. Оның тұрғылықты жері анықталып, полиция қызметкерлері жіберілген.

Полиция қызметкерлері кейінірек толық ақпарат беруге уәде берді.

Айта кетейік, Қырғызстанда қызды некеге тұру мақсатында ұрлау қылмыс болып саналады.

Бұған дейін 5 сәуірде Айзада есімді қызды Бішкекте жұмысқа бара жатқан жолда ұрлап әкеткені хабарланған болатын.

2 күннен кейін қыз бен оны ұрлаған ер адамның мәйіті табылды.

Ер адам оны киімімен тұншықтырып, кейін өз-өзіне қол салған. Іс бойынша күдіктілер ұсталды.

Сондай-ақ қайтыс болғанға дейін қыздың зорланғаны белгілі болды.
07 мамыр 2021 ж. 484 0