Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Эверест шыңына шықпақ болған екі альпинист қаза тапты

Эверест шыңына шықпақ болған екі альпинист қаза тапты

Эверест тауының шыңына шығар жолда американдық және швейцариялық екі альпинист қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Agence France Presse агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Непалдың Seven Summit Trek Mingma Sherpa туристік операторы өкілінің айтуынша, швейцариялық альпинист тау шыңында әлсіреуден көз жұмған. Американдық әріптесі «Хиллари сатысы» учаскесіне дейін жетіп, онда әлсіреу және офтальмиядан қайтыс болды.
Туроператор басшысы Чханг Дава Шерпа Instagram-дағы жеке парақшасында мерт болғандардың отбасыларына көңіл айтты. «Біз оларға қосымша оттегі және қажетті азық-түлікті жібердік, бірақ өкінішке қарай шерптер оны (швейцариялық альпинисті) құтқара алмады. Шерптің оттегі және қосымша қолдау жеткізуінің арқасында американдық альпинист Оңтүстік бөлігіне дейін аман жетті, бірақ сол жерде көп ұзамай көз жұмды», – деп жазды ол.
Агенттіктің нақтылауынша, қазіргі кезде ауа райының қолайсыздығы альпинисттердің мәйіттерін төмен түсіріп, отандарына жеткізуге мүмкіндік бермей жатыр.
14 мамыр 2021 ж. 302 0