Моңғолия 1 маусымнан бастап шекараны ашуды жоспарлауда

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Моңғолия азаматтары Отанына оралу үшін коронавирусқа қарсы толық вакцинациядан өтуге міндетті емес. Яғни оларға екпені үйлеріне оралған соң алуға мүмкіндік беріліп отыр. Онымен қоса, коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсын (екі компонентін) алған шет мемлекет азаматтарына Моңғолияға келуге рұқсат беріледі. Премьер-министр Л. Оюун-Эрдэнэ аталған сұрақты қосымша жіті пысықтап, шекараны ашу бойынша нақты ұсыныстарды 1 маусымға дейін Министрлер кабинетінің отырысында беруді тапсырды.
inform.kz