Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ням-Осор Батхуу: Арал өңіріндегі мәселе бізде де бар

Ням-Осор Батхуу: Арал өңіріндегі мәселе бізде де бар

Ням-Осор Батхуу, Моңғолия Ұлттық университетінің профессоры
               Бүгінгі басты назарға алынып отырған мәселе  – қоршаған ортаны қорғау, соның ішін­де шөлейтті жер­лерді қалпына кел­тіру. Соның ішін­­­де ең бастысы – сексеуілді қал­пы­на келтіру. Көп­ші­лік назарын ау­да­рып отырған да осы мәселе. Біздің Моң­ғо­лия мемлекетінде де ормандардың жойылуы мен сексеуілдің азаюы күн тәртібінен түс­пей тұр. Сол себепті Моңғолия басшылығы осы мәселені қолға алды. Бүгінгі презентацияда айтқандай, біздің елімізде 2010 жылдан бастап осы проблемаларды қолға алу жөнінде жоба әзірленді. Кейбір жобалар 2015 жылдары аяқталған болса, кейбірі әлі күнге дейін жалғасуда. Моңғолия халқы үшін бұл ағаштың маңызы зор. Қарап отырсам, Қазақстан мен Моңғолияның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жағынан ұқсастықтары бар. Сондай-ақ Арал теңізінің тартылуы секілді біздің елімізде де көлдер мен теңіздің тартылуы өсімдіктердің жойылуына әкелген еді. Бұл мәселені бірлесе отырып шешетін боламыз.
22 қараша 2019 ж. 734 0