С.Вейсов: Мұндай жұмыспен үлкен нәтижеге қол жеткіземіз
Султан Вейсов, Түрікменстан Ұлттық институтының жер ресурстарын, қоршаған ортаны қорғау комитетінің жетекші зерттеушісі
– Мен Түрікменстан Республикасының табиғатты қорғау институтында көп жылдан бері қызмет атқарып келемін. Бүгінгі көтеріліп жатқан тақырып жерді қалпына келтіру, яғни сексеуіл егу және жерді мелиорациялаудың тиімділігі туралы болуда. Сіздердегі мәселе біздің Түрікменстан елінде де басты мәселе қатарында. Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов сексеуілді қалпына келтіру, шөлейт аймақтарды көгалдандыру, ауа райының өзгерістерін қалпына келтіру бөлімдерімен байланысты конвенцияға қол қойды. Қазіргі таңда осы мәселе төңірегінде істелген көптеген жұмыстар игі нәтижесін беруде. 1996 жылы шөлейт жерлермен күресу төңірегінде ұлттық бағдарлама құрылды. Сол арқылы шөлейтті жерлерді түзету жұмыстары жүргізілді. Экономикалық, экологиялық жұмыстардың барлығы табиғатты сақтау жұмысына жұмылдырылған. Біз табиғат байлығымызды өзгеріссіз ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді басты назарға алып, жұмыстардың сапалы жасалуын талап етеміз. Табиғат жағынан Түрікменстан мен Арал жері өте ұқсас екендігін байқадым. Бүгінгі семинарда соңғы 20 жылда біз өз жеріміздегі сексеуіл отырғызу, жер құнарын қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесі туралы баяндама жасап, тәжірибемізбен бөлістік. Табиғатты қорғау бағытында істеліп жатқан жұмыстар ауқымды. Мұндай қарқынмен үлкен нәтижеге қол жеткіземіз деген ойдамыз.