Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар бауырды қалпына келтірудің жолдарын тапты

Ғалымдар бауырды қалпына келтірудің жолдарын тапты



Австралиялық ғалымдар бауырды тез қалпына келтіру әдісін ойлап тапты.
Олардың ойынша, бауыр біздің ішкі ағзамыздағы ең «еңбекқор» мүше. Ол ондаған литр қанды тазалайды және өңдейді. Алайда оның жұмысына қоршаған орта қатты әсер етеді. Бұл бірінші кезекте – ішімдік, олар бауырдың жүйке жасушалырын өлтіріп, мұның әсерінен бауыр қандағы ацетилальдегидтерге бағынбай қалады. Ащы сусынды ұнататын жандар көп жағдайда өз бауырын қинап жатады, нәтижесінде оның сыртқы беті тілім-тілім жүйке тамырлары негізінде қалыптасқан жараға айналады.
Австралиялық медицина қызметкерлерінің айтуы бойынша, бауырды жарақаттамас үшін, тәулігіне 500 милилитр көлемде екі рөмке виски немесе екі фужер шарап, тіптен болмаса бір бокал сыра ішкен дұрыс.
Бауырға кофе де ерекше әсер береді, ағзадан канцерогенді заттардың сыртқа шығуына жәрдемдеседі. Ғалымдар бұл сусынды бауырды қалпына келтіру үшін тәулігіне екі-үш шыны аяғын ішіп отыруды ұсынады.
reactor.inform.kz​​​
08 мамыр 2018 ж. 2 711 0