Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та көп қабатты үй қирады: 100-ге жуық адам хабар-ошарсыз жоғалды

АҚШ-та көп қабатты үй қирады: 100-ге жуық адам хабар-ошарсыз жоғалды

АҚШ-тың Флорида штатындағы Серфайд қаласында көп қабатты үй жартылай қирады. Қазіргі таңда жүзге жуық адамның жағдайы белгісіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көп қабатты үйдің 130 пәтерінің тең жартысы бұзылған. Қазіргі таңда оқиға болған жерде 80-нен астам құтқарушылар бригадасы жұмыс істеуде.

Майами округінің полиция директоры Дейд Фредди Рамирес үйдің 53 тұрғынымен байланыс орнатылғанын, бірақ тағы 99 адам жайлы хабар жоқ екенін айтады. Жергілікті БАҚ мәліметінше, қираған үйлерде ресейлік иммигранттар мен еврейлер тұрған. Жоғалған 99 адамның 22-сі Латын Америкасынан қоныс аударғандар.

Соңғы ақпарат бойынша үш адам көз жұмған, тағы 9 жарақат алған. Қазіргі таңда 40 адам құтқарылған.

Қайғылы жағдайдың шығу себептерін мамандар анықтауда.
25 маусым 2021 ж. 303 0