Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Солтүстік Корея азаматтарының вакцина салдыруына кедергі келтіруде

Солтүстік Корея азаматтарының вакцина салдыруына кедергі келтіруде

КХДР билігі елге COVAX халықаралық бағдарламасы аясында тегін коронавирус вакцинасын алуға кедергі келтіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Басылымның мәліметінше, Солтүстік Корея расымен де халқын вакцинасыз қалдырған. Өйткені ел билігі бірнеше ай бойы жеткізілімдегі бюрократиялық мәселелерді шешпеген. Атап айтқанда, билік елге жеткізу логистикасымен айналысатын мамандарды кіргізуден бас тартқан.
Сонымен қатар, КХДР AstraZeneca вакцинасының жанама әсерлері туындаған жағдайда жауапкершіліктен бас тарту туралы құжатқа қол қоюға дайын емес.
Бұған қоса Солтүстік Кореяда электр қуатымен байланысты проблемалар бар және дәрі-дәрмектерді сақтаудың қажетті шарттары қарастырылған қоймалар жеткіліксіз. Билік оларға да көмектесуден бас тартты.
04 шілде 2021 ж. 422 0