Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ДДСҰ әлемдегі коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталғанын мәлімдеді

ДДСҰ әлемдегі коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталғанын мәлімдеді

ДДСҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі директоры Майкл Райан коронавирустың әлемде таралуы бойынша жағдай тұрақталғанын хабарлады.

ДДСҰ өкілі қазіргі кезде коронавирустың әлемдегі жағдайы 2-3 ай бұрынғыдан жақсы екенін атап өтті. Кейбір елдерде аурудың күрт төмендеуі байқалса, басқа елдерде керісінше болып жатыр.

"Бұған көптеген факторлар, соның ішінде коронавирустың жаңа жұқпалы түрлерінің пайда болуы, эпидемияға қарсы шаралардың жеңілдеуі, адамдар арасындағы қарым-қатынастың артуы себеп", -  дейді Райан.

ДДСҰ-ның тағы бір өкілі Мария ван Керхове әлемдегі коронавирустық жағдайды "біркелкі емес" деп сипаттады.

ДДСҰ сарапшысының айтуынша, коронавирус жұқтырғандар саны Солтүстік және Оңтүстік Америкада азайып (13%) және басқа континенттерде көбейген. Мәселен, Еуропада  кейінгі бір аптада ауру деңгейі 28 пайызға өскен.

"Кем дегенде 20 елде аурудың күрт өсуі байқалды", - дейді Ван Керхове.

Кейінгі аптада әлемде 2,6 миллионға жуық коронавирус жұқтырғандар тіркеліп, 54 000 адам қайтыс болған.

2 шілдеде ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус қазіргі кезде пандемияның қауіпті кезеңі байқалып жатқанын ескертті.

"Бұл вирустың "үнді" штамының таралуымен байланысты. 100-ге жуық елде анықталған бұл штам мутацияланып, адамдарға қауіп төндіріп жатыр", - деді ДДСҰ бас директоры.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 2618 адам коронавирус жұқтырған. Коронавиурс жұқтырғандар саны Нұр-Сұлтан (710) мен Алматы (277) қалаларында көп кездескен.

massaget.kz
07 шілде 2021 ж. 265 0