Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Францияда пандемияның жаңа толқыны басталды

Францияда пандемияның жаңа толқыны басталды

Францияның Денсаулық сақтау министрі Оливье Веранның айтуынша, республикада коронавирус пандемиясының жаңа толқыны басталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оливье Веран Франция радиосына берген сұхбатында шілде айынан бастап елде вирус жұқтыру оқиғаларының саны қайта өсіп жатқанын, бірақ COVID-19 диагнозы қойылған пациенттерді ауруханаға жатқызу көрсеткіші әзірге төмендеп отырғанын мәлімдеді.
Франция ауру жұқтыру өсімін COVID-19 дельта штамының таралуымен байланыстырып отыр.
«Егер осындай үрдіс сақталса, бұл ауруханаға жатқызу көлемінің өсіміне әкеледі», деп ескертті министр Оливье Веран.
Франция билігі пандемияның жаңа толқынының жақындауын бәсеңдетіп, қатаң карантинді болдырмас үшін тұрғындарды вакциналауды тездету қажет деп санап отыр.
Бүгін Франция президенті Эмманюэль Макрон қорғаныс кеңесінің отырысын өткізіп, онда денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін міндетті вакциналау мәселесі ортаға салмақ.
10 шілдеде Францияда COVID-19 вирусын жұқтырудың 4696 жаңа фактісі тіркелген, бұл бір апта бұрын тіркелген көрсеткіштен (3006) бір жарым есе көп.






Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/281271-frantsiyada-pandemiyanynh-dganha-tolqyny-bastaldy
© egemen.kz
12 шілде 2021 ж. 357 0