Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ДДҰ коронавирус пандемиясының екінші толқыны жөнінде ескертті

ДДҰ коронавирус пандемиясының екінші толқыны жөнінде ескертті

Kyzylorda-news.kz. Коронавирусты жұқтыру жағдайлары азайып отырған елдер бақылауды әлсірететін болса, індеттің екінші толқынына тап болуы мүмкін. Бұл туралы дүйсенбі күні онлайн-брифинг барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жөніндегі бағдарламаның жетекшісі Майкл Райан айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Оның айтуынша, қазір әлем коронавирус пандемиясының алғашқы толқынының бел ортасына жетті. Себебі Орталық және Оңтүстік Америкада, Оңтүстік Азияда және Африкада індетке шалдығу қарқынмен жалғасуда. Аурудың таралуы толқын тәріздес болады: өсімнен соң төмендеу байқалып, кейін жұқтыру қайта басталады.
ДДҰ өкілі атап өткендей, мамандар «екінші толқын» ұғымын келесідей түсіндіруде: бірінші толқында сырқаттанғандар саны барынша төмен деңгейге дейін азаяды, ал бірнеше айдан соң ауру қайта өршиді.
«Және бұл бірнеше айдан кейін көптеген мемлекеттерде көрініс табуы мүмкін», - деді ол.
Бұл ретте, пандемияның екінші кезеңі маусымдық тұмаумен тұспа-тұс келуі ықтимал.
Онымен қоса, М.Райан адамзат пандемияның бірінші кезеңінде оны қайта өршітіп алуы мүмкіндігін ескертті. Мұндай жағдай 1918-1920 жылдары испан грипінің пандемиясы кезінде болған.
Осыған орай, әлем елдері денсаулық сақтау саласындағы кешенді шараларды жалғастыруы тиіс, коронавирусқа тестілеуді тоқтатпай, оның таралу жолдарын зерттеуі қажет. Сондай-ақ инфекцияның екінші толқынын болдырмас үшін әлеуметтік шараларды күшінде қалдырған жөн.
26 мамыр 2020 ж. 729 0