СOVID-19: Таиланд мәйітханаларында орын жетпей жатыр

Тәуліктік өсім 20 мыңға, ал бір күндегі кісі өлімі 200-ге жуықтады. Мәйітханадан бөлек, емханаларда да ауырған адамдарды жатқызатын орын тапшы. Осы ретте ел астанасындағы халықаралық әуежай ғимараты ковид-науқастарға арналған уақытша госпитальге айналды.
Пхарухат Тор-Удом, аурухана директоры:
– 2004 жылы елімізде болған алапат цунамиден кейін дәл қазіргідей марқұмдардың денесін сақтайтын орын жетіспеген. Сол кезде аурухана сыртында тоңазытқыш камераларды орнатуға мәжбүр болған едік. Өкінішке қарай, қазір де осындай қажеттілік туындап отыр.
24.kz