Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кубада аяғы ауыр және бала емізетін әйелдерге вакцина салынды

Кубада аяғы ауыр және бала емізетін әйелдерге вакцина салынды

Куба билігі жүкті және бала емізетін әйелдерді коронавирусқа қарсы вакциналауды бастады. Бұл үшін отандық «Абдала» екпесі қолданылады. Кубалық мамандар тағы бір вакцина әзірлеуді бастады. 

Үкіметтің мәліметі бойынша биыл аталған індеттен 22 әйел қайтыс болған. 
Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өміріне үлкен қауіп төніп тұрған аяғы ауыр әйелдерге екпе салдыруды мақұлдады. 
Жүкті әйелдерге екпе салған өте маңызды деп білемін. Ұрыққа да вакцинаның бір бөлігі дариды. Біздің бұл ісіміз – әлемдік деңгейдегі жетістік. Себебі жүкті әйелдерді вакциналау бұлай тез қолға алынады деп ешкім ойлаған емес, – дейді дәрігер Франциско Перес.


baq.kz​​​
07 тамыз 2021 ж. 339 0