Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Грузияда көшеде бетперде кию міндеттелді

Грузияда көшеде бетперде кию міндеттелді

Грузияда азаматтарға 10 тамыздан бастап көшеде медициналық бетперде кию міндеттелді. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі жедел штабының басшысы Георгий Гибрадзе мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эпидемиологтар шілденің соңынан бастап жағдайдың күрт нашарлауын тіркеп отыр. Ел билігі азаматтарды келесі локдауннан аулақ болу үшін белсенді вакциналауға шақырды. 
«Кеңестің шешімімен 10 тамыздан бастап бес немесе одан да көп азамат жиналатын ашық жерде бетперде кию міндетті болады», деді Гибрадзе брифингте.
Сондай-ақ ол елде түнгі клубтардың жұмыс істеуіне тыйым салынғанын және мейрамханалар түн ортасынан таңғы беске дейін жабылғанын еске салды.
Пандемия басталғаннан бері Грузияда 450 мыңнан астам жағдай тіркелді, 6000-нан аса адам қайтыс болды.
11 тамыз 2021 ж. 292 0