Қытай коронавирусты шынымен жеңді ме?
Қытайда 2021 жылдың шілдесінен бері бірінші рет коронавирустың жаңа жергілікті жағдайлары анықталмады, деп жазады Egemen.kz.
Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының мәліметі бойынша, материктік Қытайға келген саяхатшылар арасында ғана 21 жаңа жағдай анықталды. Алайда, шілдеден бері алғаш рет ел тұрғындарынан коронавирустық инфекцияның жаңа расталған жағдайлары тіркелмеген.
Сондай-ақ департамент коронавирустың 16 жаңа асимптоматикалық жағдайы туралы хабарлады, алайда сарапшылар мұны ифекцияға жатқызбады. Қытайдағы коронавирустың соңғы өршуіне 20 шілдеде шығысындағы Нанкин қаласындағы бірнеше әуежай жұмысшылары арасында анықталған инфекциялар себеп болды.
azattyq.org